Ақтөбе қ., Бөкенбай батыр көш. 2,
БЦ «Dastan Center», 6-7 қабат
РусКазEn

Қалалық сенбілікке қатысу

Актөбе қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2025 жылғы 27 наурыз бен 31 мамыр аралығында сенбіліктер, санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған екі айлық жарияланды.

Осыған байланысты, Актөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Актөбе қаласы әкімдігінің шақыруымен, «Фирма Ада Ойл» ЖШС қызметкерлері 2025 жылғы 29 наурыз, 19 сәуір және 26 сәуір күндері өткізілген сенбіліктерге қатысты.

Сонымен қатар 29 наурызда – «Фирма Ада Ойл» ЖШС қызметкерлері Темір ауданында орналасқан «Башенкөл» кен орнындағы өндірістік учаске аумағында санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

19 және 26 сәуір – «Фирма Ада Ойл» ЖШС қызметкерлері Актөбе қаласындағы серіктестікке бекітілген аумақтарда (Мал базары айналма жолынан Сазды ауылына дейінгі Богослов трассасы бойында) санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді.

РусКазEn