Ақтөбе қ., Бөкенбай батыр көш. 2,
БЦ «Dastan Center», 6-7 қабат
РусКазEn

Компания жайлы

Компания қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді, жоғары білікті персоналға және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін үнемді ресурстық базаға ие.
1960 - 1961

Қазіргі уақытта «Фирма Ада Ойл» ЖШС өндіретін көмірсутек шикізатының кен орнының құрылымы алғаш рет 1960 жылы Көкжиде құмдарының солтүстік-батыс бөлігінде жүргізілген гравиметриялық түсірілім нәтижелері бойынша анықталды.

1961 жылы осы құрылымда сейсмикалық барлау жұмыстары МОВ және геологиялық түсірілім жүргізілді.

2004 - 2005

2004 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен "Фирма АДА" ЖШС арасында XXII-21 (ішінара), 22 (ішінара), XXIII-20 (ішінара), 21 (ішінара), 22 (ішінара), XXIV-20 (ішінара), 22 (ішінара) блоктарында көмірсутек шикізатын барлауды жүргізуге келісімшарт жасалды, Серіктестік үлесіне қатысушылар: «Korea National Oil Corporation», «LG International» и «KERNHEM B.V.» инвесторлар болды. 2005 жылы аталған құрылымда көмірсутек шикізатын барлауды жүргізуге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы «Фирма Ада Ойл» ЖШС-не берілді.

2006

2006 жылы алғашқы ВЅК1Х және ВЅК2Х ұңғымалары бұрғыланды

2009

2009 жылы «Бәшенкөл» кен орны пайдалануға берілді

2011

2011 жылы «Бәшенкөл кен орындарының мұнай және газ қорларын есептеу» орындалды және бекітілді

2012

2012 жылдың соңында Ақтөбе облысының аумағында көмірсутек шикізатын барлау кезеңі аяқталды

2013

2013 жылғы 23 сәуірде 2037 жылға дейінгі мерзімге XXII-22-D (ішінара), E (ішінара) блогы шегінде Бәшенкөл кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшартқа қол қойылды

2022

2022 жылы «Korea National Oil Corporation» корпорациясының «Фирма Ада Ойл» ЖШС және «LG International» (2021 жылы «LХ International» болып өзгертілді) қатысу үлестері «Perfect Capital Group Ltd» жеке компаниясының қолына өтті

2024

2024 жылы «Фирма Ада Ойл» ЖШС қатысу үлесін «МК «КТК Компани» ЖШҚ сатып алды, сол арқылы Серіктестік айдау қуаттарын пайдалануға лицензия беру туралы келісімге сәйкес Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы өз мұнайын айдауға қол жеткізді.

"Фирма Ада Ойл" ЖШС Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандарының аумағында, Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысына қарай 257 км жерде орналасқан "Бәшенкөл" кен орнында көмірсутек шикізатын игереді және өндіреді.

«Фирма Ада Ойл» ЖШС 2005 жылы тіркелген.

«ФИРМА АДА ОЙЛ» ЖШС - ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫҢ ЖАҢА ТЕХНИКАЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРІН БАТЫЛ ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖЕТЕКШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БІРІ.

Ada Oil Company — жер қойнауын пайдалану саласындағы отандық және шетелдік мамандардың соңғы техникалық әзірлемелерін батыл енгізетін жетекші кәсіпорындардың бірі.
17 жыл

Ada Oil компаниясы бар 2006 жылдан бастап

1.8 млн

Мұнай өндіру көрсеткіштері 1 875 303,45 тонна

58.4 млн

Ілеспе газ өндіру көрсеткіштері 58 402 447,49 м3

«Бәшенкөл» кен орны

Компанияда Бәшенкөл кен орны бар. Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандарының аумағында, Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде орналасқан.
РусКазEn